Шортандыда болған жарылыстан зардап шеккен отбасына қаржылай көмек көрсетіліп, жетім қалған 4 балаға Елордадан пәтер сыйланды

«Ел үлесі пәтерге» бастамасы өз жемісін беруде. Міне, осы акция аясында  жетім қалған төрт бірдей бала баспаналы болып отыр.  Сондай-ақ, бұл жарылыстан зардап шегіп, әйелімен бала-шағасынан айырылған азаматқа да 4 миллион теңге табыстап, қаржылай көмек  көрсетіліп жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл,-дейді Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы.

Шарапаты мол жоба аясында еліміз бойынша бүгінге дейін мұқтаж жандарға  507 пәтер сыйланған екен. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Яндекс.Метрика