Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өңірде ғана емес республикаға танымал жоғары оқу орны. Ол бүгінде еліміздің 85 жоғары оқу орнының үздік ондығында. 12 білім беру бағдарламасының ішінен аймақтың жетекші университеті ұлттық рейтингтің үздік үштігіне кірді.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Ғылыми кеңесінің отырысы онлайн форматта өтті. Ректор университет жұмысының қорытындысын шығарды. Жоғарғы оқу орнында студенттердің арасында «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері, Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың гранттары көбейді. Университет шетелдік студенттер үшін де тиімді. Мұның бір себебі-академиялық еркіндік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында ғылыми жобалардың саны артты. 8 студенттің жұмысыреспубликалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жүлделі орындарға ие болды.
Жас маманды – ғалымға, ғалымды – данаға айналдыру ел мәртебесінің асқақтауына үлкен сеп болары анық. Озық технологияның дамыған заманында оған жетекшілік ету – саналы ұрпақтың еншісінде.