Домой Новости области «Сұңқар» сауықтыру кешенінде демалысты толыққанды өткізу үшін барлық жағдай ойластырылған

«Сұңқар» сауықтыру кешенінде демалысты толыққанды өткізу үшін барлық жағдай ойластырылған

881
0

Сауықтыру кешенінде жазғы кезеңде 7 ауысымда 1400 баланы қамту жоспарланған. Әр ауысымның ұзақтығы 10 күн және өзіндік тақырыптық атауы бар.

Бүгін аяқталған төртінші ауысым «Күн сайын мереке» тақырыбында өтті. Сауықтырудан басқа, балалар барлық оқиғалардың басты рөлін сомдай отырып, мерекеде, керемет көңіл-күйде күндерін өткізді.

Бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің сауығуын, оның ішінде сауықтыру және тәрбие процесін ескере отырып әзірленген. Ауысым бағдарламасын іске асырудағы ең маңызды міндет — әр баланың жеке мүмкіндіктерін ашу. Бүгінгі күнге дейін 4 ауысымды қосқанда барлығы 711 бала қамтылған.

Төртінші ауысым спортшылардың келуімен ерекшеленіп, қызықты әрі белсенді уақыттарын өткізді. Балалардың жазғы демалыстары қызықты өту үшін түрлі мерекелік іс-шаралар, сайыстар, танымдық экскурсия ұйымдастырылған.

Мектептен кейін балалар демалу, көңілдерін жақсы арнаға бұру, уақыттарын тиімді пайдалану, есте қаларлық жазғы демалыстың тәтті күндері барлығы осы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде қарастырылған.

Лагерьдің материалдық-техникалық базасы жақсы, бес мезгіл тамақтану, оған қоса ұлттық дәм кіреді. Ұлттық атрибуттар, ұлттық тағамдар балалардың Отанға, салт-дәстүрге деген құрметі артуына ықпал етеді. Онымен қоса, «Сұңқар» балалар лагері қымыз және бесбармақпен тамақтандыратын жалғыз лагерь екенін айта кеткен жөн.

Басты міндет- балаларды сауықтыру, балалардың білім алу және бос уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау, шығармашылық пен бастаманы жандандыру, азаматтық патриотизм мен ұлтаралық келісімге, гуманизмге, ізгі ниетке, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму