«Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасына қатысатын ақмолалық студенттер анықталды. Жүзден жүйрік атанған он жас өрен республикалық додада облыс намысын қорғайтын болады.
«Ең үздік 100 студент» республикалық конкурсы үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты: талантты жастарды қолдау, жұмысшы және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін анықтау. Байқаудың аймақтың кезеңіне өңір колледждерінің 30 студенті қатысқан болатын. Олардың арасынан ең үздік деп танылған 10ы республикалық кезеңге жолдама алды.
Байқаудың республикалық кезеңі онлайн форматта өтеді. Яғни, кез келген ниет білдіруші қатысушылардың жобаларымен Naotalap сайтында танысып, ұнатқан студентіне дауыс бере алады.