Облыстық «Мен-қазақстандықпын» байқауының жүлдегерлері анықталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері жылды қорытындылап, келер жылдың жоспарын бекітті. Осы жылы атқарылған ілкімді істерді саралады. Сондай-ақ, жиын барысында облыстық «Мен-қазақстандықпын» байқауының жүлдегерлері анықталды. Аталмыш байқауға аймақтың әр қиырынан 60-тан астам жас өрен қатысқан.

Байқау екі аталым бойынша өтті. Яғни, оқушылардың бірі эссе жазса, енді бірі әлеуметтік ролик түсірген.

Сонымен қатар, шарада ғылыми сараптамалық топтың осы жылы атқарған жұмысы қаралды. Еркін форматта өткен жиында топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Жалпы ғылыми топ аймақта 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ұйым жетекшісі осы жылдың табысты да, жемісті болғанын атап өтті.

Ғылыми топтың мүшелері келер жылы атқарылатын жоспарды да бекітті. Алдағы жылы олар бірнеше ғылыми еңбектің және тұлғалық монографиның тұсауын кесуді жоспарлап отыр.

Яндекс.Метрика