Облыстағы колледждердің 140-тан астам оқытушысы салалық кәсіпорындар базасында біліктілігін арттырады. 15 қарашадан басталған «Талап» курсы желтоқсанның 4-не дейін жалғасады.
Колледж оқытушылары өз біліктілігін кәсіпорындарда арттыру мүмкіндігіне ие болып отыр. Жаңа форматқа сәйкес, қазіргі уақытта Ақмола облысы колледждерінің 126 педагогы мен 20 жетекшісі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр.
Сұранысқа ие 100 мамандық және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жоба аясында колледж жанынан құрылған орталықтар заманауи технологиялармен толық қамтылған.
Оқыту форматы – модульдік. Ұстаздар 3 апта бойы практикалық құзыреттілігін жетілдіріп, білім беру бағдарламаларына тың өзгерістер әкеледі деген болжам бар.