Домой Новости области Облыста Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Облыста Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

263
0

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға отандық және шетелдік ғалымдар, тәлімгерлер, магистранттар мен студенттер қатысты.

Халықаралық онлайн-конференцияға отандық профессорлармен қатар Ресей мен Тәжікстанның ғалымдары қатысты. Барлығын біріктірген бір тақырып – Тәуелсіз Қазақстанның нәтижелері мен перспективалары.

Конференция бірнеше бағыт бойынша өтті. Атап айтсақ, жиын барысында Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, құқықтық, ішкі-сыртқы саясатының дамуы және тарихи қалыптасу тәжірибесі әңгіме өзегіне айналды.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми жинақ шығару жоспарланған.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму