Облыс орталығындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

COVID-19 пандемиясы басталғалы Көкшетауда 14 мыңнан астам адам аталмыш дертке шалдықса, тек желтоқсанның он екі күнінде 220 жағдай тіркелген. Оның 25-і оқушылардан анықталып отыр. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекшісі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Облыс орталығындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Осы күні 139 адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға түссе, оның 21і жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кетерлігі, ауруға шалдыққандардың 99% екпе алмаған дейді,- қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қанат Ысқақов. Одан қалды, қоғамдық орындарда сақтық шараларын бұзатындар да баршылық. Айталық, «Ashyq» қосымшасы арқылы 665 адамның тәртіп бұзғаны анықталған.

Індетті жоюдың бірден бір жолы – екпе алу,-дейді мамандар. Сондықтан, олар тұрғындармен кездесіп, түсіндіру шараларын жүргізуде. Елімізге жақында жеткізілген файзер вакцинасын 500-ден астам жасөспірім, 150-ге жуық бала емізетін әйел мен 3 жүкті келіншек алған. Ал, екпенің маңыздылығын түсінген мыңға жуық көкшетаулық ерікті түрде ревакцинация алыпты.

Алғашқы алған екпе қандай болса, ревакцинация кезінде де сол вакцинаны қою әбден мүмкін,-дейді мамандар. Тұрғындардың денсаулығына алаңдап, дабыл қаққан ақ халаттылар көкшетаулықтарды екпе алып, сақтық шараларын бұзбауға шақырады.

Яндекс.Метрика