Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады

Өңір басшысының алдына келген тұрғындар жеке бастарының, туған ауылдарының мәселелерін ортаға салды. Қабылдауда көтерілген барлық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырған өңір жетекшісі тиісті органдар мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырма берді.

Жалғыз басты ана Индира Нұрмағамбетованың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар.  Өзі де жетім бала ретінде 2013 жылдан бері баспана кезегінде тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Индираның отбасына уақытша баспана беріліпті. Алайда, тұрғын үйді жалдау туралы шарт жасалмаған. Шағымымды айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырдым дейді,-Индира.

Өңір басшысы сұрақтың шешілуіне не кедергі болғанын қала әкімінен сұрады. Бауыржан Ғайсаның айтуынша, Индира тұрып жатқан пәтер әкімдік балансында емес. Сондықтан, жақын арада басқа баспана беріледі деп сендірді. Қанай би ауылының тумасы Ерік Әубәкіров болса, жерлестерінің өтінішімен келіпті. Зейнеткердің айтуынша, ауыл тұрғындары ҰОС ардагерлерінің есімдері жазылған мемориалды тақта орнатқылары келеді. Тіпті, бұл мақсатқа қажетті қаражатты да өз күштерімен жинап қойыпты. Енді, жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталса дейді. Азаматтарды қабылдауға онлайн қосылған Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов 9 – мамырға дейін мәселені шешеміз,- деді.  Ал, «Бурабай» республикалық оңалту орталығының директоры Саттар Әбдіғұлов аудан тұрғындарын баспанамен қамтуды көздейді.

Ермек Маржықпаев аудан әкімімен келісіп, мәселенің оң шешімін табуына көмектесетінін айтты.

Яндекс.Метрика