Облыс әкімі қала тұрғындарын қабылдады

Баспана, несиені қайта қаржыландыру, көшелерді жарықтандыру және жолдарды жөндеу. Бұл ақмолалықтарды толғандырған түйіткілдер. Облыс әкімінің қабылдауында болған тұрғындар осы жәйттерді қозғады. Мақсат — проблемалық мәселелерді түбегейлі шешу.

Целиноград ауданы, Қосшы ауылындағы тұрғын үй кешені құрылысына қатысты 2014 жылы туындаған мәселелер әлі де шешімін таппаған. Құрылысқа жауапты — «Альбаракат Кампани» серіктестігі болатын. Арада бір жол өтіп, 2015 жылы аяқталмаған жұмысты соңына дейін жеткізу үшін «Жайлау city» тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылған. Бірақ, 7 жыл бойы проблема шешілмеген.

Үлескерлердің тағы да ортаға салған мәселелері — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, коммуникация және көлікке қатысты болды. Барлық өтініштері бойынша тұрғындар түсініктеме алды. Алдағы уақытта барлық түйіткілдер шешімін таппақ.

Яндекс.Метрика