Домой Новости области Қоқыс шығару проблемасы Ақмола облысында аса өзекті

Қоқыс шығару проблемасы Ақмола облысында аса өзекті

225
0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жаңа бастамалар қолға алынып, түрлі бағыттар қалыптасуда. Соның ішіндегі ең өзектісі, әрі аса маңыздыларының бірі -экология саласы. Бұл мәселені түбегейлі жоюдың жолы әлі алыста болғанымен, біртіндеп мақсатқа жетуді көздеп отырмыз.

Қоқыс шығару проблемасы Ақмола облысында аса өзекті. Қазіргі кезде облыста өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылым кенже қалып отыр. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелеп жинаумен айналысатын 4 кәсіпорын ғана бар. Жалпы, облыс бойынша 2020 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 243 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың 6 айында 124 тың тоннасы жиналды. Дегенмен, қайта өңдеу көлемі 3 пайызды ғана құраған еді. Бұл мәселені шешу мақсатында әртүрлі бастамалар қолға алынып отыр. Соның бірі «EcoQolday» мобильді қосымшасы.

Сонымен қатар, қоқыс мәселесін шешу мақсатында және осы проблема бойынша жағдайды бақылау үшін сенім телефоны қосылды.

Жедел желі телефонына Ақмола облысының тұрғындары елдімекендегі заңсыз қоқыс орындары туралы ақпаратты фотосурет пен бейнетүсірілім арқылы растай отырып, жібере алады. Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 52 шағым келіп түсті.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму