Жас мамандарға қолдау зор. Сандықтау ауданына қарасты Максимовка ауылында жас қызметкерлерге арналған 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни, енді ауылға қызмет етуге келген кез-келген жас маман осы үйде тегін тұра алады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауданға жұмыс сапары аясында тұрғын үйге арнайы барып, ішін аралап көрді.
Максимовка ауылында 5 мыңға жуық тұрғын бар. Елдімекенге 2 серіктестік жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Соның бірі «Максимовка». Аталмыш серіктестік ауыл ортасындағы ескі балабақшаны қалыпқа келтіріп, жас мамандарға арналған тұрғын үй етіп өзгерткен. Бұдан бөлек, 4 бөлмесін арнайы қонақ үйге лайықтап дайындаған.
Аймақта Закусиловтар отбасын білмейтін жан кемде-кем. Себебі, жеке кәсіпкер Александр Закусилов бұл істі әкесінен меңгеріп, баласына үйреткен. Осылайша, үш толқынға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы бүгінде жемісін беруде. Өз кезегінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев кәсіпкерлер отбасына алғысын жеткізді.
Бұл ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары. Бүгінде өнер ошағында бірнеше үйірме жұмыс істейді.
Айталық, осы жылы өнер ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оған облыстық қазынадан 50 млн.теңге бөлінген. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәдениет ұйымының техникалық базасымен танысып, өнер ұжымына шығармашылық табыс тіледі.