Маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Бақытты отбасы»

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тұрғын үй мәселесі әрқашан біздің азаматтарымыз үшін басты мәселелердің бірі болып табылады», — деп атап өтті. Осыған байланысты біртұтас тұрғын үй жобасы әзірленетін болады.

Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе.«Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Нарықтық ипотека бойынша мөлшерлемелер әлі де жоғары және барлық қазақстандықтарға қолжетімді емес. Осыған байланысты біртұтас тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «Бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр.

Айта кету керек, «Отбасы банкі» Ақмола филиалы азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй саясатын белсенді жүзеге асыруда. Мұнда «Шаңырақ», Нұрлы жер «5-20-25» және «Бақытты отбасы» «2-10-25» мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істейді.

Маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Бақытты отбасы». Ол әлеуметтік осал отбасыларға көмектесуге арналған. Жыл басынан бері 185 аз қамтылған отбасы баспаналы болды.

Былтыр табысы тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешуге жеткіліксіз азаматтарды қолдау үшін тиімді қолдау көрсетілді. «2-10-25»  бағдарламасына 390 миллиард теңге бөлінді. Бұл бағдарламаны іске асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында болды.

Яндекс.Метрика