Ел Президенті бекіткен 10 ұлттық жобаның бірі- ұлттық рухани жаңғыру. Құндылықтар мен салт-дәстүрлер насихатталатын жаңа жоба қоғамның мәдениет деңгейін арттыруға септігін тигізбек. Ақмола облысында бұл бастама аясында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
Аталмыш жоба 2017 жылы қабылданған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтасады. Оны әрі қарай дамытып, жас ұрпақтың бойына ұлттық код ұғымын терең сіңіруді қолға алмақ ниетте. Жастарға халқымыздың мәдени болмысын, тарихы мен тамырын дәріптеу-басты міндетке айналуы тиіс.
Колледж оқытушыларының айтуынша, бұл бастама мәдениет саласында қордаланған мәселелерді біртіндеп шешуге ықпал етпек.
Ел егемендігін алғалы мәдениет саласының дамуы басты назарға алынған. Көкше өңірінің мәдени ошақтарына айналған нысандар мен оқу орындарының инфрақұрылымы да айтарлықтай дамып, түрлі игі бастамалар қолға алынуда.