Көпбалалы аналар – мемлекет назарында

Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетілетін қолдау арта түспек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы әр өңірдегі Аналар ұйымының жұмысын жандандыруды тапсырды. Осы тұрғыда бірқатар облыстың әкімдеріне арнайы міндеттер жүктеді. Онлайн форматта өткен шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаевта қатысты.

Жиындағы Президент сөзі осыны тағы нақтылай түсті.Бүгінде ақ жаулықтылардың үйінде отырып-ақ өз кәсібін ашып, жұмысын жасауға мүмкіндік қарастырылған. Мәселен,«Кanikar club»орталығы көпбалалы және жалғызбасты аналарға зор қолдау көрсетеді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мәселеге тоқталды. Мәселен, кейбір өңірлерде түрлі ұлттардың басын біріктіретін «Қоғамдық келісім» мекемелері жоқ. Осы тұрғыда Ақмола облысының ұпайы түгел.Бүгінде өңірде 47 этнобірлестік бар. Соның 16-сы облыс орталығында шоғырланған. Президент «Қоғамдық келісім» қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтіп, жалақыларын көбейту керектігін айтты.

Сонымен қатар, елімізде жас көрермендерге арналған бағдарламалар аз.Бұл тұрғыда республикалық телеарналар дәрменсіздік танытып отыр. Мәселен, балалар сүйіп көретін «Балапан» арнасы 30 пайыз ғана отандық өнім ұсынады. Қалған мультсериалдардың барлығын шетелден алып, аударуға мәжбүр. Президент осы тұрғыдағы жұмыстарды пысықтап, отандық өнімді көбейтуді жүктеді. Сондай-ақ, жиын барысында көтерілген «Tik-Tok» жобасын құру туралы ұсыныстыда бір демде қолдап, мақұлдады. Әлеуметтік желілер дамыған заманда бұл жоба жастарға тың серпін беретініне сендірді.

Яндекс.Метрика