Домой Новости области Көп жасаған кария-акылы терең дария

Көп жасаған кария-акылы терең дария

552
0

Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ҚХП белсенділері аудандық мәслихатының депутаты М.С. Копобаев еңбек ардагерлерімен іс-шара өткізді.

Шара облыстық тарихи -өлкетану музейінің залында еңбек ардагерлері, жастар мен мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.

Ауылдың құрметтілері соғыстан кейінгі қиын балалық шақ, тың және тыңайған жерлерді игеру, жергілікті тұрғындардың еңбек ерлігі туралы айтты: Сандықтау ауданының ҚХП бастапқы ұйымының төрағасы В.Д. Новоселов, мәслихаттағы Қоғамдық кеңестің төрағасы В.В. Юрин және әйелдер кеңесінің мүшесі Мурашиди Н.А.- олар соғыстан кейінгі жылдары туған балалар, еңбекке ерте жастан үйренді, аймақтың экономикалық жетістіктерін нығайтып дамытуға ат салысқан. 90-шы жылдары тұрақтылықты сақтау үшін бәрін жасады.

Оған жауап ретінде студенттер салтанатты құттықтау мен шағын концерт ұйымдастырды. Партияның жастар қанатының өкілдері ардагерлерге жанқиярлық еңбектері мен белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс сөздер айтты. Жастар мен студенттер өздерінің туған жерінің гүлденуі үшін еңбек дәстүрлерін сақтай отырып, аға буын сандықтаулықтармен тең болатынына сенімді болды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму