Көкшетауда жазушы Қаратай Төлекеевтің «Өмір сыры» кітабының таныстырылымы өтті

Жинақ «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің қолдауымен шығып отыр. Жиынға облыстың ардагерлер кеңесінің мүшелерімен қатар ақын-жазушылары да қатысты.

Тіл жанашыры, жазушы Қаратай Төлекеевтің жаңа кітабындадағы әңгімелер өмірден алынған. Кітапты сапалы, сауатты жазу – сауапты іс дейді,- автор. Айтуынша, оқырман кітапты оқып отырғанда авторға алғыс білдіріп отыруы керек. Сонда ғана қаламгердің мерейі артады.  Ал ондай кітап жазу үшін шығармашылық шабыттан бөлек, тума талант керек.

Кітап әзірге санаулы ғана данамен басылып шықты. Дегенмен ішіндегі азық болар дүниенің жүгі ауыр. Жастардың патриотық болмысын нығайтудан бұрын адамгершілік қасиетті санаға сіңдіру мәселесі көтерілген. Автор реті келсе әлі талай мәселені көтеріп, кітап жазу ойында жүргенін айтты.

Яндекс.Метрика