Домой Новости Кокшетау Көкшетаудағы №1 мамандандырылған өрт-сөндіру бөлімінде 80нен астам қызметкер бар

Көкшетаудағы №1 мамандандырылған өрт-сөндіру бөлімінде 80нен астам қызметкер бар

498
0

19-қазан – құтқарушылар күні. 1995 жылы Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат өзге үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын тұратын мамандық туралы көп сөдер айтылды.

Өрт сөндірушілердің жұмысының қауіпті де, күрделі екендігі айтпаса да белгілі. Сондықтан болар, бұл мамандықты екінің бірі таңдай бермейді.

Кейде күн, түн демей тәулік бойы тілсіз жаумен күресетін кездер болады екен. Төтенше жағдай орын алғанда белсенді болып, құтқару шараларына білек сыбана кірісуді қызметтік міндеті ғана емес, азаматтық парызы деп біледі

Тілсіз жау қашан да төтеден келеді. Сондықтан, өрт сөндірушілерге босаңсуға болмайды. Бұл хабарлама естілгенде өрт сөндіруші-құтқарушылар лезде арнайы киімдерін киіп, көліктерін оталдырады. Төтенше жағдай орын алған жерге санаулы минуттарда жету маңызды. Бүгінгі таңда, №1 мамандандырылған өрт-сөндіру бөлімінде 80нен астам қызметкер бар. Олардың әрқайсы жүктелген міндеттің жауапкершілігін жақсы біледі.

Көкшетаудағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері материалдық-техникалық базамен толық қамтылған. Ал, аталмыш сала мамандарына жүктелген міндет – төтенше жағдайда мейлінше жылдам әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігіне жауап беру.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму