Сонымен қатар, облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің үздік студенттерін де марапаттады.
Өңірдегі 11 колледж «Жас маман» байқауының қатысушысы атанды. Өткен жылы 5 колледж заманауи қондырғылармен жабдықталған болатын. Бұл мақсатқа 1 млрд 600 млн теңге қаражат жұмсалыпты. Ал, облыстың 9 студенті «Республиканың 100 үздік студенті» қатарына енді.
Жетістіктерге қол жеткізген студенттердің тәлімгерлері мен колледж директорлары салтанатты түрде марапатталды.
№1 орта мектептің қосымша ғимараты осы оқу жылында қолданысқа берілген болатын. Заманауи техникалармен жабдықталған. Ішінде кең спорт залы, хореография залы және асхана бар. Ғимараттың оң тұстарын атап өткен облыс әкімі мектеп әкімшілігінің алдына білім сапасын жоғарылату мақсатын қойды.