Домой Новости области Көкшетауда ревакцинациялау шаралары қарқынды жүргізілуде

Көкшетауда ревакцинациялау шаралары қарқынды жүргізілуде

226
0

Соvid-19-ға қарсы вацинацияға, сондай-ақ қайтадан екпе салдыруға ниет білдірген азаматтардың қатары көбейіп келеді.

Бүгінгі күні Ақмола облысында  17 мыңнан аса адам вакцинаның үшінші дозасын алған. Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес ревакцинациялаудың мерзімі өзгертілді. Енді тұрғындар 9 емес, 6 айдан соң  қайта екпе салдыра алады. Мамандар бұл халықаралық  тәжірибе екенін айтады. Ал «Pfizer» екпесін салдырғандар үшін оның мерзімі мен санаты әлі өзгерген жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша балалар да жиі ауыратын  болған. Жыл басынан бері 3  мыңға жуық мектеп оқушысы,  1200-ге жуық мұғалім қауіпті індетті жұқтырған. Бүгінгі таңда 12-17 жас аралығындағы 2000-ға жуық жасөспірім вакцина алды.Сонымен қатар жаңажылдық кештерге қатаң тыйым салынып отыр.

Дәрігерлер жаңа штаммдарға қарсы ағзаның иммунитетін қалыптастыру үшін ревакцинация жасаудың маңызы зор екенін айтады.  Сондықтан екпенің үшінші дозасын алуды созудың қажеті жоқ.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму