Домой Новости Казахстана Культура Көкшетауда Наурыз мейрамы аясында Ақмола облысының орталығында «Сарыарқаның мыңжылдығы» атты «Көшпелі өркениет...

Көкшетауда Наурыз мейрамы аясында Ақмола облысының орталығында «Сарыарқаның мыңжылдығы» атты «Көшпелі өркениет фестивалі» өтті

189
0

Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында 1000-нан астам мерекелік іс-шаралар өтті.

Биыл Ақмола облысында Наурыз мерекесі ерекше нақышта аталып өтуде.

21 наурыз күні «Абылай хан» алаңында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыстың үздік көркемөнерпаздар ұжымдары, би ансамблдері, театр әртістерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты ауқымды театрланған қойылымы ұсынылды.

Тұңғыш рет Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Көшпелі өркениет фестивалі» мен «Қолөнершілер фестивалі» өтті. Іс-шаралар аясында көшпелі мәдениеті көрмелері мен 100-ден аса қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолөнершілер жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Ұлттық мәдениетті, ата-бабаларымыздың ұлттық мұрасын және ұлттық кодын сақтау мақсатында «Абылай хан» алаңында мерекелік безендірілген киіз үйлерде келушілер назарына ұлттық құндылықтар, музыкалық аспаптар, ұлттық әшекейлер мен салт-дәстүрлер бойынша арнайы көрмелері ұсынылды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ тіккен киіз үйде «Көне дәуір мәдениеті» мен «Кітап — білім бұлағы» атты Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен Ақмола облысының киелі ескерткіштері мен қазба жұмыстары барысында табылған көне дәуір жәдігерлері қойылды. Біздің дәуірімізге дейінгі 5-8 ғасырларда бұрын зерттелмеген Ақмола облысындағы қорғаннан археологтармен сақ жауынгерінің бірегей жерленуі, көшпенділердің жоғары мәдениеті мен оларда дамыған әскери қолөнерді көрсететін бірнеше қола олжалары табылды. Көрменің құнды жәдігерлерінің бірі – облыс аумағында алғаш рет табылған сақ акинагы.

2023 жыл көптеген мерейтойлы даталар мен мерекелерге толы. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен 2023 жылғы мерейтой иелері мен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде 18-19 ғасырлардағы сирек кездесетін және құнды кітаптар, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, Абылай ханның 310 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған арнайы ақпараттар ұсынылды. Кітап көрмесіне арнайы шолуды М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК  қызметкері Ташкенова Назира жүргізді.

Көшпелі өркениет фестивалінің басты идеясы түркілердің бай мәдениетін, халықтың бай тарихын көрсету, өскелең ұрпаққа дәстүрлер мен салт-дәстүрлердің алуан түрлілігін дәріптеу, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылды.

«ҚТЖ» АҚ «Әдет-ғұрып» киіз үйінде Көкшетау қаласының тарихы музейі жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары мен жұмыстарын ұсынды. Киіз үй ішінде бесік, сандық, кебеже, жүк аяқ  және т.б. көптеген қазақ халқының тұрмыста пайдаланған ұлттық заттары қойылды.  Сонымен қатар, киіз үйде ереулік, қымыз ашыту сияқты қазақтың әдет-ғұрыптары жайлы айтылды. Өнер туындыларымен экскурсияшылар Нұрғалиева Күнсұлу мен Зарапова Гүлмира  таныстырды.

Келушілер назарына өңіріміздің үздік жоғары білім ошақтарының бірі — Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің киіз үйі ұсынылды.

«Тыныс» АҚ-ның «Ұлттық бұйымдар» киіз үйінде Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс орталығы және Алматы қ. филиалы, қазақстан дизайнерлерінің «Томирис» ұлттық бренд желісінің зергерлік бұйымдары мен әшекейлері көрмесі ұсынылды. Қазақ халқының қайталанбас ерекше әшекей бұйымдарымен экскурсияшы Есжанова Аққу таныстырды.

Қазақ халқының ұлттық киімдері көрмесімен «Атамекен» Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының киіз үйінде Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Махметова Аягөз таныстырды.

«Ұлттық өнер» атаулы «Казрост» ЖШС-нің алтыншы киіз үйінде Әдебиет және өнер музейімен жергілікті қылқалам шеберлері Айсұлу Қадыржанова, Ольга Мюллер, Өмірбек Жұбаниязов, Бақытнұр Бурдесбекова, Роберт Хиттиктің туған өлке, туған жер тақырыбындағы керемет өнер туындылары ұсынылды. Жиналған қауымды Әдебиет және өнер музейі қызметкерлері Нұрболат Әлменов пен Бақытбек Бекмұрат таныстырды.

«Былғары, тері» атаулы «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның киіз үйінде жергілікті қолөнер шеберлерінің былғары мен теріден жасалған  бұйымдары ұсынылды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсияшы Вероника Антипова мен Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Аягөз Махметова көкшелік тұрғындарды арнайы көрмесімен таныстырды.

«Ұлттық құндылықтар» атаулы  Ақмола облысы  дене  шындықтыру және спорт басқармасының киіз үйінде Ақмола облысының атақты спортшылары мен спорттық жетістіктерге арналған арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Салт-дәстүрлер» атаулы киіз үйінде Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістерінің қатысуымен қазақ халқының «тұсау кесу» әдет ғұрпынан көрініс ұсынылды. Киіз үй маңына арнайы алтыбақан орнатылып, кішкентай балаларға асық ату ойындары ұйымдастырылады. Жүргізушілер Тоқтарбек Қалдаров пен Алтынай Искакова.

Қала тұрғындары мен қонақтары сонымен қатар «Ұлттық тағамдар» атаулы Ақмола облысының білім басқармасының киіз үйін де тамашалай алды.

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония әртістері, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актерлері, «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларының шығармашылық ұжымдары, облыстың үздік көркемөнерпаздар ұжымдары, би ансамбльдері, театр әртістерінің қатысуымен өтетін «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Тәуелсіздік» алаңы қала тұрғындарын қазақ күресі, тоғыз құмалақ,  арқан тарту, қаптармен жүгіру және басқа да көптеген ұлттық ойындар мен спорттық іс-шараларға шақырды.

Мерекелік іс-шара қонақтарына наурыз көже, құрт және бауырсақ таратылды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму