Домой Новости области Көкшетауда еліміздің үздік экскурсоводы анықталды

Көкшетауда еліміздің үздік экскурсоводы анықталды

475
0

Қазақстанның мәдени астанасы-Көкшетауда «30 жұлдызды күн» жобасы аясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік экскурсовод – 2021» республикалық байқауы өтті. Іс-шараға Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан келген 12 экскурсовод қатысты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынан атап өткендей, байқау мұражайлардың ағартушылық жұмыстарын жандандыру, экскурсиялық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын жақсарту, музей кәсібінің беделін арттыру, мұражай қызметін танымал ету және республика мұражайларының қызметіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізілді.

«Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылардың әрқайсысы портфолио мен бейнепрезентация дайындады. Екінші кезеңде қатысушылар «Туған жер» бейнеролигін ұсынды. Одан әрі қатысушылар  «Музейный биатлон» және «Музейный переполох» байқауларында өз біліктері мен дағдыларын көрсетті», — деп хабарлады облыстық ведомстводан.

Байқауға қатысушыларды құрамына белгілі музеологтар, экскурсиялық іс ардагерлері, қоғам қайраткерлері енген қазылар алқасы бағалады.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлдесін және 500 мың теңге сомасындағы сертификатты Валентина Павлик (ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы (Теміртау қаласы Қарағанды облысы) иеленді.

Бірінші жүлделі орын дипломы мен 300 мың теңге сертификатымен Аягөз Махметова — Мәлік Ғабдуллин музейі (Ақмола облысы), екінші орын дипломы мен 200 мың теңге сомасындағы сертификатпен – Айнагүл Заит Көкшетау қаласы тарихы музейі (Ақмола облысы), үшінші орын дипломы және 100 мың теңге сертификатымен Александр Кургузкин — Рудный тарихи-өлкетану музейі (Қостанай облысы) марапатталды.

Сонымен қатар, «Креативті экскурсовод» аталымы бойынша Әлиасқар Нәбиев — Абылай хан резиденциясы музей кешені (Солтүстік Қазақстан облысы) иеленсе, «Көрермендер көзайымы» аталымында Айгүл Серікова — М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи — өлкетану музейі (Алматы облысы) үздік атанды.

Айта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысында 500-ден астам түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму