Көкшетауда «Бизнес-климатты қалыптастыратын мемлекеттік қызметтер» тақырыбында форум өтті

Күн тәртібінде бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолайлы және тиімді жағдай жасау және қалыптастыру мәселелері қаралды.

Мамандар құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды.

Іс-шарада  қозғалған негізгі мәселе — мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. Палата директорының орынбасары Расул Сыздықов баяндамасында  палатаның мемлекеттік органдармен бірлескен қызметіне  назар аударды.

Айта кетейік, форумға өңірдің 16 ауданы мен 3 қаласынан кәсіпкерлер қатысты.

Яндекс.Метрика