Домой Новости области Көкшетауда алғаш рет колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді

Көкшетауда алғаш рет колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді

552
0

Көкшетауда алғаш рет колледж педагогтері арасында салалар бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.  Аталмыш шараға өңіріміздегі 3 колледждің 14 мұғалімі қатысты. Үздік деп танылғандар республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.

Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Облыстық кезеңнің ұйымдастырушылары білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинеті. Мұндай байқаулар педагогтерге өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға, әртүрлі жабдықтарда жұмыс істеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді,-дейді ұйымдастырушылар.

Конкурс Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет және құрылыс-технологиялық колледжі базасында өтті. Арнайы пәндер оқытушылары мен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Қызмет көрсету саласы», «Көлік және байланыс» бағыттары бойынша сайысқа түсті.

Байқау қатысушылары бар білімін жастарға үйретіп, өскелең ұрпақтың саналы болуларына ат салысып жүрген, өз ісінің мамандары. Олардың ендігі мақсаты республикалық додада өңір намысын қорғау.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму