Көкшетау қаласының әкімі өңірді дамытуға еңбек сіңіріп, үздік атанған азаматтарға медальдар табыстады

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса өңірді дамытуға еңбек сіңіріп, үздік атанған бір топ азаматқа медальдар табыстады. Құрметке бөленгендер арасында көпбалалы аналар, зиялы қауым өкілдері, ауыл, аудан әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне ұйымдастырылып отырған салтанатты шара Көкшетау қаласы әкімінің құттықтау сөзінен басталды. Ол Тәуелсіздік жылдарындағы толағай табыстарды атап өтіп, алға қойған  міндеттердің орындалу жолдарын айқындады.

Марапатталғандардың арасында білім, медицина, журналистика, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де салалардың өкілдері бар.Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Яндекс.Метрика