Главная страница » Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілері нарықтық бағадан төмен 40-тан астам өнім түрін ұсынды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 30 тонна ет және шұжық өнімдері, 6 тонна сүт, 1 тонна балық, 160 мың дана жұмыртқа, 2 тоннадан астам ұн және 5 тоннаға жуық картоп ұсынылды.

Жұмыртқадағы ұзын-сонар кезектегі адамдардан көз сүрінеді. Жақсы ауданының кәсіпкерлері жұмыртқаны 320 теңгегеден саудалады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түліктерден басқа Ақмола облысының фирмалық балмұздақ, құрт, сүзбе, ірімшік, йогурт өнімдері ұсынылды. Қала тұрғындары мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуі тиіс деп санайды.

Яндекс.Метрика