Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілері нарықтық бағадан төмен 40-тан астам өнім түрін ұсынды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 30 тонна ет және шұжық өнімдері, 6 тонна сүт, 1 тонна балық, 160 мың дана жұмыртқа, 2 тоннадан астам ұн және 5 тоннаға жуық картоп ұсынылды.
Жұмыртқадағы ұзын-сонар кезектегі адамдардан көз сүрінеді. Жақсы ауданының кәсіпкерлері жұмыртқаны 320 теңгегеден саудалады.
Жәрмеңкеде негізгі азық-түліктерден басқа Ақмола облысының фирмалық балмұздақ, құрт, сүзбе, ірімшік, йогурт өнімдері ұсынылды. Қала тұрғындары мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуі тиіс деп санайды.