Көкшетау қаласы 1824 жылы округ ретінде құрылды

Ежелден ән-жырдың бесігі атанған, сал-серілердің ордасы, тұмса табиғатымен талайды тамсандырған киелі мекен ретінде танылған Көкшетау биыл мәдени астана деп жарияланды. Еліміздің мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Рухани қазына – 2021» атты іргелі фестиваль аясында бұл жаңалықты паш еткен болатын.

Көкшетау қаласы 1824 жылы округ ретінде құрылды. 1863 жылдан бастап 72 сауда орталығы 10 сүт дүкені мен ауыз сумен қамтамасыз ететін 11 орын жұмыс істеп тұрды.  Көкшетау уездік қалаға айналып, егіншілік пен мал шаруашылығының орталығы ретінде одан әрі дамыды.

Көкшетау қаласының келбеті ажарлана түсті. Іргелі жаңа нысандар бой көтерген.

Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесіне кездейсоқ ие болған жоқ. Қала аумағында еңбек сіңірген қайраткерлерге, өнер адамдарына және танымал тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. 1995 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин музейі ашылды. Ал 1996 жылы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры құрылды. Бір ғасырлық тарихы бар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да жұмыс істейді. Аймақтың табиғаты мен тарихының ерекшеліктерін, өңірді мекен еткен халықтардың өмірі мен дәстүрлерін сипаттайтын  экспонаттарымен көздің жауын алады. 1904 жылы салынған мұражайдың ғимараты сәулет және тарихи ескерткіші болып саналады.

Яндекс.Метрика