Өңірде жылу беру маусымы кезіндегі өрт дерегі 32 процентке азайды

Өңірде жылу беру маусымы кезіндегі өрт дерегі 32 процентке азайды. Мәселен, өткен жылы 56 өрт дерегі тіркелсе, осы жылы 38 жағдай орын алған. Ал, тілсіз жаудың материалдық шығыны 4 млн.теңгені құрады. Өрттің салдарынан 1 адам күйіп қалса, 1 бала бақилық болған.

Жылыту маусымы басталғалы жергілікті құтқарушылардың жұмысы еселене түсті.  Облыстық  төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев арнайы өткен брифингте  осылай мәлімдеді. Құтқарушылар тиісті профилактикалық шараларды екі кезеңге бөліп жүргізеді. Алғашқы кезең 1-ші қыркүйекте басталып бір айға созылса, екінші кезең 15-ші қазанда басталады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, қысқы маусымға да дайындық пысықталуда. Бүгінде облыс бойынша 252 жылыту және 182 тамақтану пунктері дайындалды. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.

Яндекс.Метрика