Жыл басынан бері облыстық прокуратура 113 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1 мыңнан астам қылмыстың беті ашылды. Орынсыз жұмсалған 3,2 млрд.теңге анықталып, мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында белгілі болды. Жиында бұдан бөлек, білім, орман шаруашылығына қатысты қордаланған бірнеше мәселе талқыланды.
Қылмыстық процестің үш буынды моделі нәтижесін беруде. Аталмыш процесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көтерген еді. Міне, дәл осы процесс аясында азаматтардың құқықтары дер кезінде қорғалуда. Сондай-ақ, жаңа модель жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді.
Балаларды қорғау – басты назарда. Кеңесте көтерілген екінші сауал осы.Қазіргі уақытта облыста 205 мың 746 кәмелетке толмаған бала бар. Соның 1542-сі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Осы санаттағы балалар үшін аймақта 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, баспанамен қамтамасыз ету мәселесіде мықтап қолға алынған.
Жергілікті маңызы бар балық аулайтын су айдындарының тізбесін бекіту қажет. Бұл мақсатта облыс әкімдігі тарапынан жаңа жоба іске қосылған. Кеңес барысында осы жобаға қатысты пікірлер айтылып, ортақ ойлар ортаға салынды.