Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Есіл ауданының құрылыс бөлімі — 15 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде 21 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 45 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Аудан орталығы Есіл қаласында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 45 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
3 қабатты 45 пәтерлі үйдің құрылысына 20-дан астам жұмысшы тартылған. Барлық жұмыстар көрсетілген мерзімге сай орындалады.
Есіл ауданының құрылыс бөлімі 15 жыл ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарды. Нақтылай келсек тұрғын үйлер салынып, қайтадан қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су қабылдағыштар салынып, елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңартылды.