Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Жақсы ауданында болды

Облыс  әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Жақсы  ауданында болды. Ол жерде аймақ басшысы оқушылар үйінің жөндеу жұмыстарымен және көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмаған аймақ басшысы, жауапты қызметкерлерді сынға алды.

Бүгінгі таңда, Жақсы ауданынының құрылыс саласында бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 1961 жылы бой көтерген оқушылар үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Әзірге, жоспарланған жұмыстың 60 проценті ғана жүзеге асқан. Мердігерлер нысанды 1 айда тапсырамыз деп отыр. Алайда, облыс әкімі Ермек Маржықпаев бұл сөздерге сенімсіздік білдірді.

Күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында республика бюджетінен 234 млн теңге бөлінген.

Жақсы ауданында 2017 жылы 18, ал 2019 жылы 27 пәтерлі тұрғынүй пайдалануға берілген. 2021 жылы 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 129 млн теңге бөлінді. Алайда, оның құрылысы да әлі аяқталмаған. Жауапты мердігерлер  үйді желтоқсан айында тапсырамыз деп отыр.

Дегенмен, Жақсы ауданындағы жұмыстарға Ермек Маржықпаевтың көңілі толмады.

Яндекс.Метрика