Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.Биыл осы саладағы өңір мамандары толайым табыстарға қол жеткізді. Еңбегі еленіп, мереке күні бірнеше қызметкертүрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.

Салтанатты жиында ауыл шаруашылығындағы жетістіктер айтылды. Ауа райының қолайсыздығына  қарамастан біздің аграрийлер жылдағыдай өнім жинады.Ел ырысын еселеп отырған дала қаһармандарын кәсіби мерекемен облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтады.

Бұл күні шаруалардың ешқайсысыназардан тыс қалмады. Мерекелік жиында жоғары көрсеткіштері үшін  бір топ маманауыл шаруашылығы саласының  үздігі атанды. Тағы бірнешеуі «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталды. Солардың бірі Жақсыбек Бекқұлов.Ол Қорғалжын аудынындағы серіктестіктің бірінде еңбек етеді.

Ақмола облысының ауылшаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 4 млн тоннаны құрады. Орақ науқаны кезінде Сандықтау, Астрахан  аудандарының диқандары үздіктер қатарынан көрінді.

Облыс өңірлер арасындажұмыртқа өндіру көлемібойынша 1-ші орында. Бұл республикалық көлемнің 21% — ы. Сонымен қатар Біржан сал ауданында 350 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысы аяқталды.

Яндекс.Метрика