Бұл спорт ғимараттарының көптеп бой көтеруінен,-дейді мамандар. Сондай-ақ балалар спортына көп көңіл бөлініп олар әртүрлі жарыстарда жеңістің биік тұғырынан көрінуде.
Жаңа оқу жылында Бұланды аудандық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 823 өрен әртүрлі үйірмелерде жаттығу жасап жүр.Сондай-ақ өңірдің Тастыөзек және Партизанка аудандарында балалар спорт мектебінің филиалдары жұмыс істейді.
Ауданда бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік мол.Әртүрлі жарыстарға баруға да қаржы жеткілікті. Жақында Бұланды ауданының бокшылары облыстық турнирде бірнеше жүлдені жеңіп қайтты.
Жергілікті спортшылар аудандық мәдениет үйінің залында аптасына 3 рет еркін және қазақ күресі бокспен жаттығып,алдағы жауапты жарыстара тыңғылықты дайындалуда.