Егіндікөл ауданында халықтың 60 проценттен астамы вакцина салдырған. Эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бүгінде жұқпалы аурулар бөлімінде 11 адам емделіп жатыр.
Жыл басынан бері Егіндікөл ауданында инфекция жұқтырудың 338 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда вирус жұқтыру деңгейі 3 есе төмендеген. 3369 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Екінші компонентті аудан халқының 61,4 проценті қабылдады.
Жыл сайынғы тұмауға қарсы салынатын екпе науқаны да 15 қыркүйекте басталды. Бюджет есебінен Ресейде жасалған «Гриппол Плюс» вакцинасының 640 дозасы сатып алынды. «Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кем дегенде 10 процентін қамту қажет»- дейді мамандар. Әзірге аталған екпені аудан бойынша 562 адам салдырған.