Бурабай кенті – Ақмола туризмінің қайнар көзі

Сондықтан мұнда барлық жағдай ең бірінші жергілікті халық үшін жасалуы тиіс. Биыл ауылдың орталығында бірқатар әлеуметтік демалыс орындары салынды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарында аталмыш нысандарға барып көрді.

Бурабайдың орталық мешітінің дәл жанына «Променад» аллеясы салынды. Демалушылар серуендеуге лайықталған жобаның жалпы құны – 566 млн. теңгеден асады.

Дәл осы саябаққа қарама-қарсы бетте келер жылы тағы бір парк салынады. Қазір мұндағы ескі құрылыстар ысырылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Жаңа жобаға 600 млн. теңге бөлініпті. Оның 550 млны жер телімін иелерінен сатып алуға жұмсалған. Айта кету керек, бұл маңда жолдар да реттеліп, туристік аймаққа тікелей өтуге жағдай жасалып жатыр.

Яндекс.Метрика