Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған іс-шараға 19 аудан мен 2 қаладан оқушылар қатысты.
Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың назарын жаңа перспективаларға аударуға шақырған еді. Озық ғылыми жобалар мен конкурстардан үздік деп танылған оқушыларды алға тарту басты мақсатқа айналды. Бүгінде аймақтағы дарынды оқушылардың басын біріктіретін «Жас Ұлан ұйымына» 70 мыңнан астам білім алушы мүшелікке кірген.
«Жас ұлан» ұйымы заманауи әдістерді пайдалана отырып, жас өскіндердің инттелектуалды дамуына ықпал етеді. Өскелең ұрпақтың бойында гуманистік қағидаттар мен толеранттылық ұстанымдарын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.