Ағымдағы жылдың 8-желтоқсанда Ақмола облысына қарасты Зеренді кентінде аудан әкімі Әсен Дулатұлының қатысуымен «Бірлік KZ» атты ХІ аудандық жастар форумы өтті.
Форумға Ақмола облысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік академиясы филиалының басқарма басшысы Белла Газдиева, аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ауғалиев, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сұлтанов, аудан әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Нияз Исмагулов және Серік Құрмансейітов, ауданның мекеме және кәсіпорын басшылары да қатысты.
Форум барысында әр спикер жеткен жетістігі, жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, форумға қатысушыларға жаңа деа, жаңа тың күш сыйлады. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар, жаңа жобалар, оларды жүзеге асыру жолдары, жачтарды қолдау шаралары жайлы сөз қозғалса, жастар өз тараптарынан өзекті сұрақтарын қойып, сауалдарға оңтайлы жауаптарын толыққанды алды.
Белсенділік таныту арқылы бірталай мәселелердің басын қайырған форумның соңы түрлі салада жетістікке жеткен жас Зеренділіктерді марапаттау рәсімімен аяқталды.