Соңғы 2 жылда 150-ге жуық жергілікті тұрғын жоба аясында кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында білім алған. Бүгінде соның тең жартысы өзінің кәсібін ашып, ісін өрге домалатып отыр. Жеке кәсіпкерлердің дені жастар екенін атап өткен жөн.
Жыл санап ауданда жеке кәсіпкерлер саны артып келеді. Оған осындай игі жобалар сеп болуда. Жергілікті сала мамандарының сөзі осыған саяды. Осы жылдың өзінде 72 адам жоба аясында білім алған.
Жалпы облыс бойынша бұл бағыттағы көрсеткіштер көңіл қуантады. Мәселен, осы жылы «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында 7 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Нәтижесінде 741 бизнес жоспар мақұлданған.