Бұланды ауданындағы мәдениет ошақтары жаңартылып жатыр. Мәселен, өткен жылы 3 өнер ошағы ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен. Әсіресе, аудан орталығына шалғай ауылдардың мәдениет үйлеріне басымдық берілген. Осы жылы да тиісті сала мамандары жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, келер жылға жүйелі жоспар құрған.
Өткен жылы Капитоновка ауылының мәдениет үйі жөнделіп, жаңаша түрге енді. Сондай-ақ, былтыр басталған Тастыөзек ауылындағы құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы мәдениет ошағыда жаңартылып, техникалық базасы нығая түскен.
Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті. Бүгінде мемлекет барынша мәдениет саласына көңіл бөліп, ауыл-аймақтардың мәдени өмірінің жандануына күш салып келеді. Бұл әрине өңір мәдениетінің дамуына өз ықпалын тигізері сөзсіз.