Домой Новости области Бұланды ауданындағы диқандары гектарынан 14 центнерден өнім жинады

Бұланды ауданындағы диқандары гектарынан 14 центнерден өнім жинады

322
0

Биылғы қуаңшылық жылы Бұланды ауданындағы «Даниловка және К» серіктестігінің диқандары  гектарынан 14 центнерден өнім жинап,құт қамбаға  құйып алды. Бидайдың сапасы өте жоғары.Бұл  облыс бойынша үздік көрсеткіш.

Серіктестік 10 мың гектардан астам алқапқа бидай себеді. Ол құрғақшылыққа төзімді сұрыптар.Егін орағын тамыздың ортасында бастап,екі аптаның ішінде толық аяқтап шыққан жер қожалары алдағы егістің қамы үшін сүдігер жырту жұмыстарына жаппай кірісті.

Сүдігер жырту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 5 мың гектар алқап парға қалдырылды. Осылайша «Даниловка және К» серіктестігінің диқандары алдағы көктемгі егіске де дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму