Домой Новости области Бұланды ауданында мал шаруашылығы интенсивті бағытта дамытып келеді

Бұланды ауданында мал шаруашылығы интенсивті бағытта дамытып келеді

555
0

Бұланды ауданындағы «Даниловка және К» серіктестігі 2014 жылдан бастап мал шаруашылығын интенсивті бағытта дамытып келеді. Мұнда мал дәрігерлік – зоотехникалық шаралар жоспарға сай жүргізілуде.

Соңғы жылдары шаруалар мал жаятын жердің тарылып кеткенін айтып, жиі шағымданатын болды. Бұл түйіткілді мәселе біз болған серіктестікте кезең – кезеңімен жүзеге асты.

Малшылар қауымы әлі де жайлауда. Ірі қаралар және жас төлдер жері шүйгін, суы мол алқапта бағылауда.

Мал басын көбейтудің кешенді жоспары жасалған. Соның бірі – жылы қора – қопсы салу.

Мал баққанға бітеді деген осы болар. Санаулы жылдарда ірі қараның басын 1000-ға жеткізіп, алдағы уақытта еселеп арттыру жоспары бар.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму