Бұланды ауданындағы «Даниловка және К» серіктестігі 2014 жылдан бастап мал шаруашылығын интенсивті бағытта дамытып келеді. Мұнда мал дәрігерлік – зоотехникалық шаралар жоспарға сай жүргізілуде.
Соңғы жылдары шаруалар мал жаятын жердің тарылып кеткенін айтып, жиі шағымданатын болды. Бұл түйіткілді мәселе біз болған серіктестікте кезең – кезеңімен жүзеге асты.
Малшылар қауымы әлі де жайлауда. Ірі қаралар және жас төлдер жері шүйгін, суы мол алқапта бағылауда.
Мал басын көбейтудің кешенді жоспары жасалған. Соның бірі – жылы қора – қопсы салу.
Мал баққанға бітеді деген осы болар. Санаулы жылдарда ірі қараның басын 1000-ға жеткізіп, алдағы уақытта еселеп арттыру жоспары бар.