Нұр Отан партиясы облыстық филиалының кеңесінде ерекше қажеттіліктері бар жандарға тұрғын үй салу және кедергісіз орта құру мәселелері қарастырылды.
Түрғын үй салу мәселесі әрдайым өзекті. Өткен жылы мердігерлер 600-ге жуық пәтердің құрылысын уақытылы аяқтамаған. Осы жылы да мұндай жағдай қайталануы мүмкін. Мамандар бұл құрылыс материалдарының қымбаттылығы мен тапшылығына байланысты дейді.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 28 мыңнан астам мүгедек жан бар. Сондықтан да, олардың тұрмыстық сапасын жақсарту мәселесі аса өзекті.
Атбасар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандарды бейімдеу 15 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланған.