Домой Новости области Азия чемпионы Талғат Шәйкен елге жеңіспен оралды

Азия чемпионы Талғат Шәйкен елге жеңіспен оралды

467
0

Жерлес боксшы Талғат Шәйкен  «WBC Youth World» тұжырымдамасы бойынша жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Жеңіс тұғырына көтерілген боксшыны жерлестері вокзалдан ерекше сән-салтанатпен күтіп алды.

Жасөспірімдер олимпиадасының финалисті және жастар арасында бокстан Азия чемпионы Талғат Шәйкен елге жеңіспен оралды.  Орта салмақта былғары қолғап шебері 10 раундтық кездесу өткізді. Өзінің жетінші кездесуінде жерлесіміз украиналық Владимир Гордиенкодан басым түсті.

Жеңімпазды «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері, қала тұрғындары мен жанкүйерлері қарсы алды. Олардың қатарына чемпионның әкесі де бар.

Талғат Шәйкеннің Алматыдағы жеңісі спорт сүйер қауымның көңілін бір көтеріп тастады. Ал, алтын белбеу облыс қоржынын тағы бір салмақты медальмен толықтырып, үлесін арттырды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму