Қазіргі уақытта Ақмола облысында ерекше санаттағы 28 678 адам тұрады

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы басты назарда. Өңірде  әлеуметтік маңызы бар  1672 мекеме мен ұйымға пандус орнатылып, ерекше қызмет көрсетілуде. Олардың 22 пайызы білім беру саласына тиесілі.

Қазіргі уақытта облыста барлығы ерекше санаттағы 28 678 адам  тұрады. Оларға арналған нысандар көбіне талапқа сай емес немесе соңына дейін ойластырылмаған. Бір жерде арбаға арналған пандус болса, енді бірінде мүлде жоқ.

«Жол картасы» жобасын іске асыру және әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын бақылау мақсатында облыста арнайы топ құрылды. Оның құрамына партия өкілдері, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары кірді. Мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.

Өңірде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы шеңберіндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудандар мен қалалардың бюджеттері есебінен қосымша қолдау шараларын ұсыну мақсатында 25 600 азаматтардың жекелеген санатына, оның ішінде ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған.

Яндекс.Метрика