Домой Новости Казахстана Культура Қазақстанның биылғы мәдени астанасы Көкшетау

Қазақстанның биылғы мәдени астанасы Көкшетау

1139
0

Қазақстанның биылғы мәдени  астанасы Көкше өңірі руханияттың жарқын үлгісіне айналып отыр. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдени сала екені мәлім. Облыс орталығында ашылған өнер орталығының тәрбиеленушілері де ацтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. 

Бұл өнер орталығы 200-ге жуық оқушыны өнер әлемінің қыр-сырына үйретуде. Орталықтың мамандары домбыра, гитара тарту,  фортепианода ойнау, ән айту мен әртіс шеберлігі бағыттары бойынша сабақ береді.

Алаштың біртуар зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлттың ұлағаты – мәдениетінде» деген сөзі бар. Ұлттық сана-сезімі жоқ, мәдениеті жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды.

Білікті мамандардан құралған бұл орталықтың тұрақты келушілері бар. Қазіргі таңда балғын домбырашылар бірнеше күй үйренсе, вокал сабағында болашақ әншілер әр ұлттың әнін шырқап жүр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму