Қазақ популяциясындағы бауыр циррозына төзімділік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді екен. Вич, туберкулез секілді аурулармен статистикасы жарысып тұрған  бауыр циррозымен күрес жүргізу мақсатында Көкшетауға білікті мамандар келді.

Бауыр циррозы жыл өткен сайын қарқынды түрде етек жайып барады. Ал оны зерттеуге отандық ғылыми орталықтардың мамандары бел шеше кірісті. Александр Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығының гастроэнтерологы Бибігүл Ілиясова зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазақ популяциясындағы бауыр циррозы және генетикалық факторлардың рөлі» ғылыми жобасын жүргізу арқылы терапияның тиімділігін анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінде республиканың 4 аймағында бой көрсеткен мамандар 400-ге жуық науқасты тексерістен өткізген.

Аталған жобаны атқарудағы басты мақсат –халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру. Ақ халаттылар өзара тәжіриебе алмасу арқылы медицинадағы ғылымның да дамуына үлес қоспақ. Айта кетейік, Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығы биыл 200-ші бауыр трансплантациясын сәтті өткізді.  Осындай жоғары нәтижелер арқылы жас мамандарды жаңашылдақтар мен біліктілікке үйретуге күш салып отыр.

Яндекс.Метрика