Атбасар қаласы ел астанасынан 232 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл өлкенің тарихы бай. 19 ғасырда атақты Атбасар жәрмеңкесінің аты бүкіл елге танымал еді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде өңір қалай дамыды?
Атбасар ауданының негізі 1928 жылы қаланған. Әкімшілік орталығы – Атбасар қаласы. Елдегі ең суық қала болып саналады. Тағы бір географиялық ерекшелігі – Атбасар мен Лондон бір белдеуде орналасқан. Әрі мұнда атақты жазушы Ілияс Есенберлин дүниеге келген.
Тың игеру жылдары Атбасар ауданы облыстағы ең ірі агроөнеркәсіптік орталыққа айн,алды. Әрі астық пен нан өнімдерін шығару бойынша маңызды теміржол бекеті атанды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде онда жаңа оқу орындары, «Локомотив» стадионы, жөндеу-механикалық шеберханалары мен темір-бетон, керамзит, алкогольсіз сусындар зауыты, тігін фабрикасы, типография салынды. Заманауи мәдениет үйінде көрме, спорт және концерт залдары бар. Кітапханалар мен қалалық мұражай да өз қызметін жүргізіп отыр.