1989 жылы бұл білім ошағына қосымша ғимарат тұрғызылып, бірнеше сыныптар қосылды. Сөйтіп, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде ордалы оқу орнына айналды.
Жаңа оқу жылын қалыпты режимде бастаған мектепте оқу процесі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Санитарлық талаптар қатаң сақталып, қауіпті дерттің алдын-алуда. 289 оқушы 2 аусымда оқып жатыр. Сыныптар ұядай жылы. Жаңадан сатып алынған бірнеше оқу кабинеттері кең де жарық.
Сапалы білім, саналы тәрбие бірінші кезекте,- дейді педагогтар. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында сан алуан мәдени-көпшілік шаралар өтуде. Спорттық сайыстарда да жүлделі орындардан көрінуде.
Мектеп сыныптарынде жылу көрсеткіші — 24 градус. Автономдық қондырғы алдағы қыраулы қыста сыр бермейді,- деп сенеді оқушылар мен ұстаздар.